Тамақтың ауырғанын қалай біледі және қалай дұрыс емдейді

Фарингит немесе тамақтың ауырғаны туралы сөз болғанда оның вирустық немесе бактериалдық фарингит екенін ажыратқан аса маңызды. Диагностика зертханалық әдістер көмегімен жасалады. Бактериалдық баспа тамақтың қызаруымен, ауруымен, безгекпен, бадамшаны ақ өңездің қаптауымен, жұтқан кезде қатты аурумен сипатталады, жұтынғанда ауырғаны жылы шай немесе басқа сұйықтық ішкенде азаймайды. Вирусты фарингит жағдайында антибактериалдық препараттар көмектеспейді, бірақ бактериалдық фарингитте оларсыз […]

Фарингит немесе тамақтың ауырғаны туралы сөз болғанда оның вирустық немесе бактериалдық фарингит екенін ажыратқан аса маңызды. Диагностика зертханалық әдістер көмегімен жасалады. Бактериалдық баспа тамақтың қызаруымен, ауруымен, безгекпен, бадамшаны ақ өңездің қаптауымен, жұтқан кезде қатты аурумен сипатталады, жұтынғанда ауырғаны жылы шай немесе басқа сұйықтық ішкенде азаймайды.

Вирусты фарингит жағдайында антибактериалдық препараттар көмектеспейді, бірақ бактериалдық фарингитте оларсыз емдей алмайсың. Тамақты шайғанда өлген бактериялар мен жасушалар шайылып кетеді, қабыну көзі механикалық түрде тазаланады, ол шырышты қабатты ылғалдау есебінен оның регенерациясын ынталандырады. Өйткені сау шырышты қабат иммун жүйесіне организмді әртүрлі инфекциялық агенттерден қорғауға көмектесетін өте маңызды қорғаныс кедергі болып табылады.

Медицинаның дамуымен тұз ерітіндісімен немесе басқа дәрілік тұнбалармен шаюды біртіндеп анағұрлым тиімді және қауіпсіз, рецептсіз босатылатын медикаменттер алмастыруда, оларды дәріханалардан алуға болады. Тамақ ауруын емдеу әдістерінің бірі тамақты шаю болып табылады, және ол осы күндері өте өзекті.

 Тұз ерітіндісімен шаю шырышты қабат регенерациясын қамтамасыз етпейді, бактериялардың көбеюіне және қабынудың өршуіне кедергі бола алмайды.

Екінші жағынан, Furasol® сияқты тамақты шаюға арналған медикаменттерді пайдалану қабыну көзін қоздырғыштардан тазалап қана қоймайды, сонымен қатар шырышты қабатты ылғалдайды, және сол арқылы оның регенерациялануына себін тигізеді.

Дерек көзі: мақалада «Māmiņu klubs» («Аналар клубы») бағдарламасында Furasol® препараты туралы сюжеттен алынған ақпарат пайдаланылды.