Жаралар

Нәтижесінде жараланып қалған травма жағдайында оны емдеудің бірінші кезеңі гемостазды қамтамасыз ету – қанды тоқтату болып табылады. Суық компрессті пайдалануға болады, яғни жараны жуып, қанның ағуы мен ісінуді азайту үшін 5-7 минутқа суық жапсырма қолдануға болады.Мысалы, егер бала аулада немесе саябақта ойнап жүріп жарақат алған болса (тізесін сүріп алса) ең бірінші ағып тұрған су ағынының […]

Нәтижесінде жараланып қалған травма жағдайында оны емдеудің бірінші кезеңі гемостазды қамтамасыз ету – қанды тоқтату болып табылады. Суық компрессті пайдалануға болады, яғни жараны жуып, қанның ағуы мен ісінуді азайту үшін 5-7 минутқа суық жапсырма қолдануға болады.
Мысалы, егер бала аулада немесе саябақта ойнап жүріп жарақат алған болса (тізесін сүріп алса) ең бірінші ағып тұрған су ағынының астында жараны сабындап жуу керек. Ашытпайтын және жараны оңай жуып, дезинфекциялауға болатын басқа сұйықтықты, мысалы, жараны дезинфекциялауға арналған Furasol® сияқты антибактериалық препаратты пайдалануға болады. Әрі қарай, жараны немен жабуды ойлау қажет. Келесі жолы таңғанға дейін жараға жабысып қалмайтын материалды таңдаған маңызды, сондықтан силикон немесе гидрогель жамылғысы бар таңғышты таңдаған жөн. Қабыршақ қалыптасу үшін жараға ауаның кіруін қамтамасыз ету қажет деген жалған сөз! Олай істеуге мүлде болмайды, себебі қабыршақтың астына микроп жиналады. Жараны ылғалды ортада емдейтінімізді есте ұстаған маңызды. Егер жара терінің бетінде болса, таңғышты 2-3 күн бойы ауыстырған жеткілікті, қабыну процесі байқалса дәрігерге қаралу қажет.

Егер жараны талапқа сай өңдемесе оған инфекция түсу және іріңдеу процесінің қатері жоғары болады. Қабыну белгілері пайда болған жағдайда күтуге болмайды және тездетіп дәрігерге қаралу қажет.

Дерек көзі: мақалада «Māmiņu klubs» («Аналар клубы») бағдарламасында Furasol® препараты туралы сюжеттен алынған ақпарат пайдаланылды.