Жараны қалай тазалайды
Тамақ ауруы мен қалтыру баспаның немесе тонзилиттің, бадамшаның өткір қабынуының әдеттегі симптомдары болып табылады. Баспа балалар мен жасөспірімдерде жиірек кездеседі, бірақ ол ересек жаста да болады. Тонзилит кезінде тамақ ауруы жұтыну процесін қиындатып, барынша қатты болады, сонымен қатар мойын лимфа түйіндерінің үлкеюі мен ауырғаны, бадамшаны ақ өңез қаптауы, дауыстың өзгеруі байқалады. Дене температурасы 38-40 0C-ден […]
Тамақ ауруы мен қалтыру баспаның немесе тонзилиттің, бадамшаның өткір қабынуының әдеттегі симптомдары болып табылады. Баспа балалар мен жасөспірімдерде жиірек кездеседі, бірақ ол ересек жаста да болады.
Тонзилит кезінде тамақ ауруы жұтыну процесін қиындатып, барынша қатты болады, сонымен қатар мойын лимфа түйіндерінің үлкеюі мен ауырғаны, бадамшаны ақ өңез қаптауы, дауыстың өзгеруі байқалады. Дене температурасы 38-40 0C-ден асуы мүмкін. Осының барлығы бактериалдық инфекцияны білдіреді. Сонымен қатар, мұндай жағдайда әдетте вирустық ауруларда байқалатын жөтел болмайды.
Көбінесе тонзилиттің дамуына әкелетін қоздырғыш қабынуға әкелетін А топты бета-гемолитикалық стрептококк болып табылады. Ол сонымен қатар буынды, бүйректі, жүрек ұлпасын бұзып, ревматизмдік өзгерістерге ұшыратады және өмір сапасын шектейді.
Асқынған баспа қайтымсыз зардаптардың дамуына жол ашады, сондықтан маманға жүгінуді кешіктірмеген жөн!
Адамның шапшаң мінез-құлқы мен абайсыздығы жарақат алуға жиі себеп болады. Бірақ, бала басқаша жолмен велосипед теуіп қалай үйренеді? Кешкі асқа сақтықпен тураған салат сондай дәмді бола ма? Әр қонаққа Мурзикке оны құйыршыған тартқан ұнамайтынын түсіндіре аламыз ба?
Бұл сұрақтарға жауап жоқ болып көрінгеніне қарамастан алған жараны қалай тазалауды және оның тезірек жазылуына жағдай жасауды білуіміз үшін біз кәдімгі ұсақ-түйек оқиғаларға дайын болуға тиіспіз.
- Қандай жара болмайды дейсіз! Кесілген, шаншылған, оқ тигеннен, шабылған, сүрілген, мыжылған, жырылған, тырналған, тістелген, күйік немесе үсік жаралары және аралас жаралар болады. Бұл жаралардың көбі дәрігердің құзіретіне қарасты, сондықтан қандай да бір амал жасамас бұрын, маманмен кеңесу мүмкіндігін ойластыру қажет. Үй жағдайында емдеуге болатын тұрмыстық жарақаттар кездеседі, бұған, әдетте, кесілген, соғылған, тырналған, сүрілген жаралар, бірінші дәрежелі күйіктер жатады. Жараны сәтті тазалау шаралары: қан ағып тұрған жараға таза жұмсақ матадан қысатын таңғыш салу қажет. Бұл қанның ағуын тоқтатады. Егер жара шағын болса қанды ұйыту факторы өзі-ақ қанның ағуын тоқтатады және қан бірнеше минуттан соң тоқтайды. Егер жара мөлшері үлкен болса, таңғышты ұзағырақ, 15 минутқа дейін ұстау қажет болады.
- шыдам керек! Егер жарадағы таңғышты күрт жұлып алса, қан кету қайта басталуы мүмкін;
- суық компрестер қан тамырларын тарылтып, қан ағуды, ісінуді және қызаруды азайтады. Алайда, сақ болу қажет(!) — аса суық үсікке ұрындыруы мүмкін;
- егер қатты ауырса ауырсынуды басатын құралдарды пайдалануға болады;
- жараны міндетті түрде тазалау қажет. Ең кішкене тырналған жараның өзі стерильді емес екенін есте ұстау қажет. Микроорганизмдер бүлінген тері арқылы жараға оңай кіреді, және егер жараны тазаламаса инфекциялық процесс басталып кетуі ықтимал;
- Жараны тазалауды ағынды жылу судан (шамамен 5 минут) бастау қажет. Жараны тазалау үшін сабынды пайдалануға болады;
- Жараны толық тазалау үшін Furasol® антибактериалдық құралын пайдалануды ұсынамыз, ол инфекцияны тек қана емдеп қоймайды, сонымен қатар оның дамуына бөгет болады. Оны жарадағы ұсақ бөтен заттарды шайып кетіру үшін пайдалануға болады. Ол ашытпайды, маңайындағы және бүлінген ұлпаларды тітіркендірмейді, балалардың жарасын тазалауға жарайды;
- жараға инфекция түсу ықтималдығын болдырмау үшін тазалағаннан кейін оны таза таңғышпен таңу керек;
- күн сайын таңғышты ауыстырып, жараны тазалап отыру қажет. Бұл жағдайда да Furasol® ерітіндісі пайдалы болады, өйткені ол жараны күніне 1-2 рет күнделікті дезинфекциялауға қолданылады;
Жараны сәтті тазалау үшін Furasol® ерітіндісін дұрыс әзірлеген маңызды. Қалташаның ішіндегіні бір стакан ыстық қайнаған немесе дистилденген суға (200 мл) ерітеді. Қолданар алдында ерітіндіні суыту қажет. Ерітіндіні дәл қолданар алдында дайындайды, және әр келесі тазалар алдында Furasol® препаратының жаңа қалташасын әзірлейді. Әр қаптамада 5 қалташа бар. Егер препаратты қолдануға қатысты сұрақтар туындаса оның жауабын фармацевтен немесе отбасылық дәрігерден сұраңыз.
Алайда, бастапқыда жара болымсыз болып көрінгенімен, дәрігердің көмегінсіз болмайтын жағдайларды есте сақтаған маңызды:
- қысатын таңғыш, суық компресс салғаннан және қолды/аяқты жоғары көтергеннен кейін де тоқтамай, қанның көп ағуы;
- егер жара өте терең немесе ұзын болса, бірнеше тігіс салу үшін хирургтың тәжірибелі қолының керек болуы мүмкін;
- ит немесе басқа жануар қауып алған жағдайда – тіпті жануар өзіңіздікі болса да, оның саулығына 100% сенімді болуға болмайды. Қауіпсіздік мақсатында дәрігерге қаралып, жануарға құтыруға қарсы екпе жасатыңыз.
- егер сіреспеге қарсы 5-10 жыл бойы егілмеген болсаңыз, дереу қайта вакцинациялану мәселесі бойынша дәрігерден кеңес алыңыз.
- егер жара жазылмаса және инфекциялық процесс басталса (қызаруы, ісінуі ұлғайса, ірің пайда болса, ауырсыну азаймаса, қалтырау пайда болса) міндетті түрде әрі қарайғы емдеу тактикасы бойынша маманмен кеңесу қажет.